«ДАМУ СҰРАТ» дамуға бастайды

35

Бір жылда-ақ жемісін беріп үлгерген «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» шын мәнінде елдің игілігіне айналды. Жарқын жобаның әр бағыты аясында қыруар жұмыс атқарылып, бүгінде ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігі әлдеқайда түзеліп қалғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Әсіресе 11 пилоттық ауылда құрылған 11 кооператив шаруаларға мол мүмкіндіктер сыйлап, кең жол ашып берді. Бұрын шілдің қиындай шашырап жүрген шағын шаруашылықтардың иелері бірігу арқылы үлкен табысқа жетуге болатынын ұғынды. Себебі шағын жеке шаруашылықтар көп жағдайда мемлекеттің түрлі қолдауынан қағылып, жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алмайды. Ал кооперативке бірігу – қолбайлау болып отырған түрлі қиындықтардан айналып өтудің жалғыз жолы.

 

Талғат НҰРХАНОВ