Экономика

Доллардың бүгінгі бағамы қандай

The final spritzer

Ұлттық банктің 21 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,76 теңге

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 – 506 теңгеден саудаланып жатыр,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұлттық банктің 21 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,76 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,63 теңге. Еуро — 521,70.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 504,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 501 теңге. Еуро 522— 527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506,5 теңге, сатып алу құны — 500,5 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 518 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,53 - 5,67 аралығында саудаланып жатыр.