Доллардың бағамы төмендеді
Қор нарығында оның бағамы 2 теңгеге арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,09 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 485,04 теңге.
Ұлттық банктің 18 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 487,24 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,02 теңге.
Еуро – 529, 34.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 485,9 теңге. Еуро 523,5 - 528 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 483 теңге, сатып алу құны – 488 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,97 - 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.