Доллардың ресми бағамы өсті

85

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы өсті. Ұлттық банк 27 қаңтардағы доллар бағамын жариялады.

Америкалық валютаның ресми бағамы сәрсенбіде 421,91 теңгеге тең болады. 26 қаңтардағы доллар бағамы 420,67 теңге көрсеткішінде тоқтады.

KASE биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,21 теңгеге қымбаттап, 421,91 теңге болды.

Kurs.kz дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы 422,77 теңге, ал сатып алу 421,22 теңге көрсеткішінде тұр.

Нұр-Сұлтан ақша айырастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 422,35 теңгеден сатылады, 421,22 теңгеден сатып алады.

 

Tengrinews.kz