Экономика

Экономика министрі ай сайын 100 мың теңге "коммуналка" төлейтінін айтты

The final spritzer

Министр коммуналдық қызметтер күрт қымбаттамас үшін тарифтік саясатты өзгертуді жоспарлап отырғанын айтты

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ай сайынғы табысының қанша теңгесін коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Үкіметте өткен брифингте журналистер ақпан айында коммуналдық қызметтер тарифі өсіп кеткенін айтып, министрден ай сайын қанша ақша төлейтінін сұрады. 


Оның айтуынша, коммуналдық қызметтер саласындағы инфрақұрылымды жаңартуға құйылып жатқан инвестиция мен тарифті көтеру қаншалықты негізді екені тексеріледі. 


Ол өкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілгенін атап өтті.