Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы

0 3

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуөткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, гео­логия салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзен­дердің су ресурстарын ұтым­ды пайдалану және қорғау сала­ларындағы екіжақты ынтымақ­тастықты одан әрі дамыту мәсе­лелерін талқылады. Еура­зия­лық экономикалық одақ фор­матындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі ел­дің экономикалары үшін пан­де­­мияның салдарын жою жө­нін­дегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет бас­шыларының қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды. Атап айт­қанда, Қазақстан мен Ресей үкі­меттері арасындағы 2021-2025 жылдарға арнал­ған экономикалық ынтымақ­тас­тықтың кешенді бағдарламасы; «Қаз­гео­логия» АҚ мен «Росгео­логия» АҚ арасындағы Қазақ­стан мен Ресей және шет мем­ле­кет­­тердің аумақтарындағы пай­далы қаз­балар кен орындарын гео­логиялық зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; Қазақстан аумағында көмірсутегі кен орындарын игеру және гео­логиялық барлау бойынша бірлескен қызмет саласындағы жобаларды іске асыру ниеті туралы келісім; «Қазақстанда бутадиен және туынды өнімдер өндірісі» жобасын іске асырудың жол картасы; «Бутадиен» жобасын басқару мәселелері жөніндегі шекті шарт; «KIDF Management company» Ltd, Ресей тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) және «Mubadala Investment Company» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; қатты пайдалы қазбалар бойынша юниорлық компаниялардың Еуразиялық биржасын құру туралы меморандум.

Қазақстан Премьер-Министрі А.Мамин Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.