Экономика

Елімізде астық экспортының көлемі артып жатыр

Биыл алынған астық көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толық өтейді, сондай-ақ экспорт көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік береді.

 

Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. Ол 2024-2025 маркетингтік жыл ішінде Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттағанын, бұл алдыңғы ұқсас кезеңнен 47%-ға артық және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіші екенін атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz