Экономика

Елімізде мұнай-газ саласындағы сервистік компаниялар саны күрт көбейген

Мұндай көрсеткіш соңғы жылдары айқын көрініп отыр

Қазақстанда  мұнай-газ саласындағы сервистік компаниялар саны күрт ұлғайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тендер беруші компания ең арзан ұсынысты таңдайтыны белгілі. Алайда арзан баға ұсынатын компаниялардың қызмет сапасы төмен болып тұр. Қаражат тапшылығы болғандықтан қызметкерлердің жалақысы көтерілмейді. Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов ОКҚ брифингінде бұл компанияларға жәрдем беріп, оларға экспортқа шығуға қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.

Осы орайда одақ мүшелері Энергетика және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, биылдың өзінде Қазақстанның 11-ге жуық компаниясына 7 мемлекеттің нарығына шығуына мүмкіндік берді.