Еліміздегі халық саны 1,3% өсті

22

2020 жылғы 1 қазанға еліміздегі халық саны 18809,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар –11087,5 мың (58,9%), ауылдықтар – 7721,7 мың адамды (41,1%) құрады.

2019 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 238,9 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,9 мың адам), Нұр-Сұлтан (49,5 мың адам) және Шымкент (32,8 мың адам) қалаларында қалыптасты.

 

egemen.kz