Еліміздің негізгі ауыл шаруашылығы агрегаттарының өндірісі іске қосылды

Кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында іске қосылып, жылына 150 дана ауыл шаруашылығы техникасын өндіру қуатына ие болды
Еліміздің негізгі ауыл шаруашылығы агрегаттарының өндірісі іске қосылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«КазАгроМаш» зауыты Көкшетауда тұтас культиваторлар, кең қамтитын катоктар, дискілі және орташа серіппелі тырмалар өндірісін іске қосты. Бұл агрегаттар қазақстандық фермерлер үшін күнделікті жұмыста таптырмас көмекші болмақ.
Кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында іске қосылып, жылына 150 дана ауыл шаруашылығы техникасын өндіру қуатына ие болды.
Өндірістің бастапқы кезеңінде зауытта алты түрлі техника: қопсытқыштар, катоктар, соқалар, қар күрегіштер, дискілі тырмалар және тіркемелер шығарылды. Бүгінде кәсіпорын өнім түрлерін айтарлықтай кеңейтіп, негізгі ауыл шаруашылығы агрегаттары – культиваторлар мен катоктардың сериялық өндірісін бастады.
Зауыт директоры Виталий Борко бұл қадамның қазақстандық ауыл шаруашылығы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті:
Тұтас культиваторлардың жұмыс ені 11 және 15 метрді құрайды. Олар қазақстандық фермерлерге алқаптарды өңдеуде, топырақты қопсытуда және арамшөптерді химиялық құралдарсыз жоюда көмектеседі. Кең қамтитын катоктар (12-18 метр) топырақты себуге дайындаудың маңызды құралы, оның құрылымын жақсартып, ылғалдың сақталуына ықпал етеді. Сондай-ақ, ені 8 метрге дейін жететін 2 және 4 қатарлы дискілі тырмалар шығарылады. Олар топырақты қопсыту, арамшөптерді жою және өнім жинаудан кейінгі өсімдік қалдықтарын өңдеу үшін қажет.