Экономика

Енді Қазақстанда әйелдер «декретке миллионмен» шыға алмауы мүмкін

Заңға өзгерістер енуі ықтимал

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» Жамбыл облысы филианың директоры Нұрахмет Ысқақов бала күтіміне байланысты әйелдердің жаппай миллион теңгемен декретке шығуына қарсы екенін айтып, заңға өзгерістер енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның  айтуынша, жүкті әйелдер тұрақты жұмысы бола тұра, жеке кәсіп ашып, 12 айға жалған максималды табыс көрсетуді әдетке айналдырған.

Нұрахмет Ысқақовтың бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Оның бұл ұсынысын бірі қолдаса, енді бірі қарсы пікірлерін жарыса жазып  жатыр.