Экономика

Енді Тараздың өз балмұздағы болады

Енді Тараздың өз балмұздағы болады

«Империя» ЖК балмұздақ шығаратын цехының құрылысы аяқталуға таяу. Алайда жергілікті атқарушы органдардың қолдауынсыз бұл істі соңына дейін жеткізу мүмкін емес.

Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев цехта болып, технологиялық желімен танысты. Бас директор Патохберди Талипов цех іске қосуға дайын, инфрақұрылымды жүргізу мәселелерін шешу қажет екенін айтты. Өңір басшысы оған жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді. Ол кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тиісті тапсырма жүктеді.

 width=

Жоба құны 800 миллион теңгені құрайды. Қуаттылығы тәулігіне 8000 тоннаға шақталған. Мұнда балмұздақтың 30 түрін шығару жоспарлануда. Серіктестіктің басқарушы директоры Рахат Әшімовтің айтуынша, кәсіпорында жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Олар сүтті жақын маңдағы шаруалардан алуға ниетті. Айта кетейік, қазір «Империя» ЖК шұжықтар мен кондитерлік өнімдерді сақтаумен және тасымалдаумен айналысады.

 width=