Ең қымбат доллар Тараз қаласында

0

Бүгін америкалық валюта Қазақстанның тек бес қаласында сатылымда бар, деп жазды newtimes.kz сайты.

Алматы және Шымкент қалаларында доллар бағамы 420,5 теңгеден басталады.

Талдықорғандық айырбастау пункттерінде бір доллар бағамы 420,8 теңге көлемінде. Ең қымбат доллар Тараз қаласында тіркелген. Мұнда бір доллардың құны 421,5 теңгеден басталады.

Демалыс күндерінің алдында доллар бағамы елімізде 420 теңгеден аспағанын атап өткен жөн.

BAQ.KZ

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.