Эталон сұрыпты мұнай бағасы 44 доллардан түсіп кетті

11

Кей сарапшылардың ойынша, WTI баррелі алдағы уақытта 39-44 доллар шамасында саудаланады.  АҚШ-та өңделмеген мұнай қоры 4,2 миллион баррельге артты деген ақпараттан кейін әлемдік мұнай құны арзандап, артынан сәл қымбаттады.  Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы небәрі 0,5%-ға өсіп, 43,97 доллар болды. WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,1%-ға қымбаттап, қазір 41,49 долларға сатылып жатыр. Кей сарапшылардың ойынша, WTI баррелі алдағы уақытта 39-44 доллара шамасында саудаланады. Пандемияның екінші толқыны кезінде сұраныстың азаюын тежеу үшін Сауд Арабиясы ОПЕК+ елдері мен басқа да өндірушілерді дер кезінде тиісті шаралар қабылдауға үндеді. Картель 30 қараша мен 1 желтоқсанда кезекті отырысын өткізеді.  Кей сарапшылардың ойынша, WTI баррелі алдағы уақытта 39-44 доллара шамасында саудаланады.

inbusiness.kz