Еуро бағамы 500 теңгеден асты

24

KASE қор биржасында еуро бағамы айтарлықтай қымбаттады.

Еуро бағамы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да 502 теңге болды. Бұл кешегі сауда-саттықпен салыстырғанда үш теңгеге артық. Ал доллар бағамы сағат 17.00-де 429,58 теңге болды.

29 қыркүйектегі таңертеңгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 429,40 теңге болған еді.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 505,04 теңге сатылып жатыр, ал сатып алу — 502,39 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында еуроны орташа есеппен 504,08 теңгеден сатып жатыр.

tengrinews