Экономика

Киров атындағы машина құрастыру зауыты сатылмайтын болды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ-ның 100% жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жойды, деп хабарлайды jambylimfo.kz.

Конкурстың күшін жою үшін «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясына тиісті тапсырма жіберілген. Осылайша, сауда-саттық өтпейтіні белгілі болып отыр.

Айта кетейік, аталмыш машина құрастыру зауыты Алматы қаласында орналасқан.