Экономика

Әлия Назарбаевадан босаған бизнесте 200 жуық компания жұмыс істей алады

Экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаевадан босаған бизнеспен 200-ге жуық компанияның айналысуына жол ашылады. Бұл туралы  Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Экология және табиғи ресурстар министрі «ӨКМ Операторы» зауыттарының мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді.


Еске сала кетейік, бірінші сатыдағы сот 2023 жылдың шілдесінде «ӨКМ Операторының» ісі бойынша үкім шығарған еді. Сол кезде экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, Коротенко және бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек кінәлі деп танылып, бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды. Мемлекетке келген залалдың жалпы сомасы 26,8 млрд теңгені құрады.