Экономика

Ұлттық банк коронавирустың қағаз ақша арқылы таралатынына қатысты пікір білдірді

The final spritzer

Ұлттық банк коронавирустың қағаз ақша арқылы таралатынына қатысты пікір білдірді

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов коронавирустың қағаз ақша арқылы таралатынына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, Ұлттық банк қағаз ақшаларды айналымға шығармас бұрын оларды банктік қаптамада кемінде 14 күн сақтайды. Кейін мамандар ақшаны сұрыптауға және есептеуге кіріседі. Вирустың "өмір сүру" ұзақтығы бойынша әртүрлі нұсқалардың болуын ескере отырып, індеттің таралуын алдын-алу мақсатында қолма-қол ақша қайта есептелгенге дейін 45 күн бойы ашылмай сақталады.

  Tengrinews.kz