Экономика

Мемлекеттік органдар 45 млрд теңгені игермеген – себебі белгілі болды

Бюджет қаржысын игермеген меморгандар қатарында мемлекеттік күзет қызметі де бар

Қаржы министрі Мәди Тәкиев осы жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу барысы жайлы баяндады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Министрдің айтуынша, республикалық бюджет бойынша 3,7 трлн теңге сомасына шығыстар жұмсалған. Атқарылмаған сома 70 млрд теңгені құрады, оның ішінде: 25 млрд теңгесі үнемделсе, 45 млрд теңгесі игерілмеген. 


Сондай-ақ екі айда жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 трлн 409 млрд теңгені құраған. Атқарылмағаны – 74 млрд теңге. Биыл өңірлерге 1,8 трлн теңге нысаналы трансферттер көзделген. 1 наурыздағы жағдай бойынша 74 млрд теңге бөлінді. Олардың 90,7%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 7 млрд. теңге, оның ішінде: үнемделгені – 1 млрд теңге, игерілмегені – 6 млрд теңге. Неғұрлым көп игермеген өңірлер: Астана қаласы, Қарағанды, Маңғыстау  және Қызылорда облыстары.