Мұнайдың әлемдік бағасы 60 долларға жуықтады

26

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерсінің құны алдыңғы сауда-саттыққа қарағанда 0,42%-ға өсіп, барреліне 57,07 долларға жетті.

Бұған аталмыш биржаның деректері дәлел.

Brent маркалы мұнай 2020 жылдың 24 ақпанынан бастап алғаш рет барреліне 57 доллардан асты.

WTI маркалы мұнай 0,83% -ға қымбаттап, барреліне 53,68 долларға жетті.

Ал Brent маркалы мұнай барреліне 57,08 доллар (+0,88%) деңгейінде саудалануда. WTI мұнайы барреліне 53,66 доллар (+0,79%) деңгейінде сатылуда.

inform.kz