Мұнайдың әлемдік бағасы тағы өсті

26

ICE Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерсінің бағасы 3,82% -ға өсіп, бір баррелі 44,02 АҚШ долларын құрады.

Мәскеу уақытымен 01:05-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай бағасы өсімін бәсеңдетіп, бір баррелі үшін 43,99 АҚШ доллары деңгейінде саудаланды. WTI мұнайы 3,64%-ға дейін артып, 1 баррелі 42,1 АҚШ долларын құрады.

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 44 АҚШ долларынан соңғы рет биылғы жылдың 4 қыркүйегінде саудаланды.

Brent мұнайының қымбаттауы АҚШ Энергетика министрлігінің есебін жариялау аясында жүрді. Осылайша, министрлік Brent маркалы мұнай бағасының 2020 жылға арналған болжамында 1 барреліне 41,19 доллардан 40,61 долларға дейін төмендетті. Министрліктің бағалауынша, 2021 жылы баға 1 барреліне 46,59 доллар деңгейінде белгіленеді.

Еске салсақ, 9 қарашада Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны 3,04% өсіп, барреліне 40,65 доллар болды.

Ал кеше Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев биылғы қараша айында мұнай бағасы көтеріле бастағаны туралы айтты.

inform.kz