Экономика

Нарықта доллардың ресми бағамы 524 теңге болды

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,14 теңге

Ұлттық банктің 6 желтоқсанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 524,65 теңге болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,14 теңге. Еуро – 552,19.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 525,7 теңге. Еуро 544,5 — 555 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны – 527 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 552 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,01 - 5,20 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 5 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,15 теңгеге қымбаттап, 523,96 теңге болған.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.