Экономика

Қорғас бекетінің 90 млн теңгеге заңсыз сатылған терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды

Прокурорлардың шағымын Жетісу облысының соты қанағаттандырған

Прокурордың шағымы бойынша «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының багаж терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дереккөзге сүйенсек, 2018 жылы аумағы  «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының 900 м2-ден асатын багаж терминалы 90 млн теңгеге сатылып кеткен.


Осыған байланысты прокурорлар бұл активтерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа жүгінді.
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл арызды қанағаттандырған.