Экономика

Осы аптаның соңына дейін зардапты есептеу жұмысы аяқталсын – Бектенов

Үкімет басшысы өңір әкімдері мен министрлерге тапсырма берді

Премьер-министр Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
  
Бұл туралы премьер-министр бүгінгі үкімет отырысында айтты.

«Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын», - деді Бектенов үкімет отырысында.

Үкіметтің дерегіне сүйенсек, Қазақстанның су басқан өңірлерінде 4 мыңнан астам үй апатты деп, ал, 9 мың үйге жөндеу қажет деп танылған.