Экономика

Пандемия қоры Қазақстанға 46 млн доллар көлемінде өтеусіз грант берді

Бұл қаражат еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі біраз проблемаларды шешуге жұмсалмақ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Пандемия қоры Қазақстанға 46 млн көлемінде өтеусіз грант бөлді, деп хабарлайды jambylinfo.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Пандемия қорының гранты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Сторидің, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыланың,  Пандемия қорының атқарушы директоры Прия Басудың, дипломатиялық миссиялар өкілдерінің қатысуымен Астанада өткен кездесуде ресми түрде іске қосылған.

Бұл гранттың орындалуын ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі үйлестіріп, Денсаулық сақтау министрлігіне техникалық қолдау көрсетеді.