Пилоттық жоба Сарысуда сәтті жүзеге асуда

0 168

Өткен  жылы Сарысу ауданында «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында пилоттық ауылдық округі ретінде Байқадам ауылдық округі таңдалған. Ауылдық округтегі ауыл саны 1, Саудакент ауылы. Жалпы округтегі аула саны — 984, халық саны — 6035 адамды құрайды.
Саудакент ауылы бойынша үй іргесіндегі жерге бақша өсіру дайындығы бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Осы жұмыстары пилоттықтық жобаның 5 — бағыты бойынша жүргізілді

I – бағыт Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану
Саудакент ауылындағы үй іргесіндегі жерді игеруге ескі арықтарды тазалау (ұз- 6100м), жаңадан арық жүргізу (ұз-1900), барлығы 8 000 метр арық, лотокты жөндеу 2500 метр бойымен үй іргесіндегі жерді 984 ауланы сумен толық қамтамасыз етеді. Осы жұмыстарға 7 097 437 тенге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп жүргізілді. Осы жерді игеруге аулға су әкелетін Күлтөбе каналына 2,5 шақырым сенбілік арқылы тазалау жұмыстары жүргізілді.
Суғару жүйелерін жетілдіру бойынша- көше талдарын, саябақты суғару үшін Ұйым ауылына кіреберіс жерде Күлтөбе каналы 2,5 -шқ арқылы Саудакент ауылына қарай су реттейтін шлюз арқылы су келеді. (Байшақан каналы 11 шқ сйым. 1 куб, Өтес каналы 15 шқ сйым. 1 куб , Ынталы қоймасы 30 млн куб, Жаңа кәрі тоған арқылы су шығады сйымдылығы 3 куб )
Жеке қосалқы шаруашылық: — 984 аулада 118,0 га жер бар оның аула бойынша (7 сотығы үй –жай, қора, гараж т.б құрлыстар, 12 -сотығы бау бақша болып табылады. )
Жалпы ауылдық округтегі 984 ауланың ішінде 901 аула (92,0%) жоба бойынша 118 га гектар үй іргесіндегі егістік жерді пайдаланады деп жоспарланған. Үй іргесіндегі 118 гектар егіске жарамды жерге жоба бойынша 72 га яғни 40,0 гектар қызанақ және 32,0 гектар қияр өсіріледі қалған 46 га басқа бақша дақылдары . Үй іргесіндегі жер учаскесінде қызанақ пен қиярдың себу материалдарын алуға Саудакент 2019 кооперативне айналым қаражатын толтыруға 760,0 мың теңге берілді.
Бүгінгі күнге жоспарланған 901 аулаға «Саудакент 2019» кооператив есебінен 20 000 қызанақ көшеті мен 20 кг қияр ұрығы таратылып, жалпы 901 аулаға 40 га қызанақ 32 га қияр жане басқа 46 га жерге бақша өнімдері егілді.
Үй іргесіндегі жерді өңдеу бойынша осы 901 ауланың 72 га жердің 52 га 765 аула МТЗ-892 тракторымен, 136 аула 20 га қолмен өңделді.
​Қияр егу бойынша; 1 га қиярдан 10 тн өнім жиналады деп күтілуде. Бүгінгі күні 85 тн қияр аудандық, ауылдық округтердегі орталық базарларда жіберіліп сатылды. Алдағы вегетациялық маусымда 18 тн қияр өндіретін болады. Орта есеппен күніне 1,7 тн қияр дайындалады. Қиярдың сатылу бағасы 1 кг -150 теңгеден сатылды.
​Қызанақ егу бойынша: 1 га қызанақтан 8 тн өнім жиналады деп жоспарлануда. Жалпы 40 га қызанақтан 320 тн өнім жиналады деп күтілуде.
​Бүгінгі күні 110 тона қызанақ өндіріліп, аудандық және ауылдық орталық базарға сатылуды.
Сонымен қатар, ауылдық округте екі азамат үй іргесіндегі жерге жылыжай тұрғызуға 21 млн. 200 мың теңге несие алды. Бүгінгі күнге Сармолдаев Бахытжан құрылысын аяқтап кияр егіп өнімін жинауда. Утешов Тұрсынбай ақшасын мемлекетке кайтарды.

II бағыт Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану. Жобаға дейін ауылдық округте 761 аулада 2130- бас мүйізді ірі қара (аналығы – 587 бас оның ішінде сауынды сиыр – 487 бас), 705 аулада 9342 — бас қой-ешкі (аналығы – 5144 бас). , 101 аулада 313- бас жылқы (сауынды бие – 54 бас) , 4 аулада 12- бас түйе және 448 аулада 2416- бас құс болды. 223 -аулада мал жоқ болып тіркелген.
Жобадан кейін округ бойынша мал сатып алуға жалпы мал сатып алуға 300 өтінім түсіп, берілген несие сомасы 778 311 000 мың теңгені құрады. Несие қаражатына жоспар 899 бас МІҚ орындалуы 912 -бас мүйізді ірі қара, жоспар 747 бас орындалуы 747- бас жылқы, жоспар 2226 бас қой ешкі орындалуы 2235 -бас қой-ешкі және 750 -бас құс сатып алынды. Алынған несиеге нысаналы мақсатына сәйкес жоспар 101% орындалды.
Пилоттық жоба бойынша алынған малдан 912 бас мүйізді ірі қараның 115 бас бұқа бордақылау. 797 Аналық бастан 398 бұзау, 747 жылқыдан 373 құлын, 2235 бас майда малдан 1117 бас төлдері алынды.
115 бас бордақыланған бұқаның 85 басы көршілес Түркістан Облысы қарабұлақ ауылынан тірідей өздері сатып алып кетті. Қалған 30 басы ауыл және аудан көлемінде тірідей Құрбан айт және өзіндік тұтынуға сатылды.
Жалпы несие алғаннан кейін аулада мал басы 3042 бас мүйзді ірі қара, 11577 бас қой ешкі, 1060 бас жылқы, 3166 құс болды

III бағыт Тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану.
Ауыл тұрғындарының қолда бар мал басы мен сатып алынған мал басына мал азығын дайындау үшін, Байқадам ауылдық округінде құрылған «Саудакент-2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне 300,0 гектар тәліми егістік, 2793,0 гектар шабындық және 3811,75 гектар жайылымдық жер берілді.
Бүгінгі күнге тәліми егістік алқапта «Саудакент 2019» кооперативі 300,0 гектар жаздық арпа егіп 195 тн өнім жинады.Бірлескен қызмет арқылы «Мұрат» шаруашылығы мен 500 га жаздық арпа егілді.
Оның өнімі 1 га жерден 6,5 центнерден алып, Барлығы 520 тн арпаны Кооператив мүшелеріне жеңілдетілген баға мен 1 кг арпа 60 тг берілуде.
49,55 гектар көпжылдық шөптері күзде егіледі. Сонымен қатар бірлескен қызмет арқылы «Игілік» ӨК 102 гектар, «Жанторе» ЖШС мен 32 га суармалы егістік алқабына дәндік жүгері себілді.
Сонымен қатар «Саудакент 2019» кооперативі 8 га жүгері, 8 га көп жылдық шөптерін екті.
Барлығы 950 га жер егістік егілді. Осы жалпы егістік егуге 15 тн тыңайтқыш, 9 тн жанар-жағар май жұмсалды. Шөпті орып, тасымалдауға 5 тн жанар – жағар май жұмсалды. Осы жиын терінге коопертив жұмысшыларға 3 200 000 тг жалақы төленді.
Байқадам ауылдық округіне қажетті 9019 тн жем, 17 100 тн шөп қажет. АШК мүшелеріне арпа бағасы 60 тг, табиғи шөп 1 рулон бағасы – 5000 тг. Жалпы кооператив мүшелерінен бөлек аудан тұрғындарына арпа бағасы 65 тг, табиғи шөп бағасы 6000 тг беріледі.
Арпаның тұқымы 1 репродукциялы ВАКУЛА.
Бүгінгі күні «Саудакент 2019» кооператив 350 рулон (140 тн) шөп бағасы 2 100 000 тг дайындалды.
Шу бойынан берілген шабындық жерде кооператив мүшлеріне қамыс шөбі орылуда бағасы 3 000 тг дайындалады.

IV бағыт Кооперативтерді жабдықтау және/немесе құру.
Кооперативтерді жабдықтау және құру бойынша пилоттық ауылдық округтен «Саудакент 2019» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылып (барлық құжаттары заңдастырылған), төрағасы халықпен келісе отырып тағайындалған. Кооператив басшысы Айтбаев Бегайдар.
5 — адамнан құралған 901 мүшелері сайланды. Жалпы кооперативті қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға 20 дана техникалар мен қондырғылар 87380,0 мың теңгеге лизингке берілді. Айналым қаражаты 18 840 000 тенге ауыл сыртындағы жерді игеруге, 760000 тенге үй іргесіндег жердә игеруге несие берілді. Сонымен қатар «Саудакент 2019» кооперативіне өндірістік база соғу үшін 5 га жер бөлінді. Жалпы сомасы 18 238 705 теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп құрылысы жүргізілді оның ішінде 6 763 395 тенге техника тұратын бастырма, 4 711 922 тенге жарықтандыру үшін, 6 763 388 тенге қоршау.
Түркістан ауылдық округінен 300 га арпа егіп, Бірлескен шаруа қожалық арқылы

V бағыт Тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру.
Тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру бойынша 1 жоба Аталған жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаражат көлемі 9 080 000 теңгеге наубайхана ашуға несие алынып ғимараты дайындалып құрал жабдықтарына тапсырыс берілді.
Жалпы Саудакент ауылына жоба аясында 315 ауыл тұрғынына несие беру жоспарланған. Жоба бойынша Тараз ӘКК- на Саудакент ауылы тұрғындары тарапынан 349 несие алу мақсатында құжатттар тапсырылды. Оның ішінде нақты 303 ауыл тұрғыны несиеге қол жеткізіп 46 ауыл тұрғынына Тараз ӘКК тарапынан несие беру мақұлданбады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.