Қай өңірлер мемлекет қаржысын игере алмай отыр?

0 107

Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлер туралы айтты. Қаржы министрінің мәліметінше, аймақтардағы жергілікті бюджет шығыстары 5,6 триллион теңге болған. Игерілмеген қаржының сомасы — 30 миллиард теңге.

«Осы жылы өңірлерге 2,3 триллион теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қазанға 1,5 триллион теңге бөлінді. Оның ішінде 99,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны — 8 миллиард теңге. Оның ішінде 2 миллиард теңге үнемделді, 6 миллиард теңге игерілмеді», деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерге тоқталды.

«Қаржыны ең көп игермеу мына өңірлерде қалыптасты: Ақтөбе облысы — 0,9 миллиард теңге, Батыс Қазақстан облысы — 0,6 миллиард теңге, Қарағанды облысы – 0,5 миллиард теңге, Нұр-Сұлтан қаласы — 0,5 миллиард теңге», деді ол.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.