Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын алды?

58

8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинақтарын алды. Бұл туралы «Отбасы банк» мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Достар, алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері — 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түскені туралы қуана хабарлаймыз! Отбасы Банк — біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді 2 жұмыс күні ішінде қарайды және БЖЗҚ қаражатты өтініш берушінің арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударылатынын естеріңізге саламыз.

Ақша түскеннен кейін — жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады.

enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген деректемелерге қаражат аударылады», — делінген хабарламада.⠀

Еске салайық, 23 қаңтарда сағат 09.00-де зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдерді қабылдау басталды.