Қазақстанда доллар тағы да арзандады

48

Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 429,41 теңге болды.

Кеше ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 430,87 теңге болды. 1,46 теңгеге арзандады.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:00-дегі деректер бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы желтоқсан айында барреліне $41,47-ге дейін, Солтүстік Американың WTI барреліне $39,38-ге дейін өсті.

Бұған дейін, 30 қыркүйекте ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгенің әлсіреуіне мұнай бағасының құлдырауы себеп болғанын айтқан болатын. Көптеген экономистер мен нарық ойыншыларының болжауынша, мұнай тұтынудың айтарлықтай өсуі тек кейінгі 1,5–2 жылда болады.

egemen.kz