Қордан қаржы алып, Қамбар ата түлігін өсіруде

0

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында Байзақ аудынының Сарыкемер ауылындағы Асхат Әскербекұлы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 3,6 млн теңге несие рәсімдеп, 8 бас жылқы сатып алған. Халқымызда «Мал баққанға бітеді» деген әдемі сөз бар. Әсіресе, төрт түліктің төресі саналатын жылқы малының бабын табу, оның күтімін жасау оңай шаруа емес. Кәсіпкер жылқыларын баптап, тынбай еңбектеніп, алдағы мақсаты жылқы басын көбейтіп, ірі шаруашылыққа айналмақ.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.