Мәскеу биржасының деректеріне сәйкес, 2 сәуірден бастап доллар бағамы алғаш рет 79 рубльге дейін көтерілген.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түскі сағат 13.23-те долларға бағамы 72 тиынға көтеріліп, 78,93 рубль болған. Ал еуро бағамы 83 тиынға өсіп, 91,76 рубльге дейін қымбаттаған.
Мұнай нарығындағы жағдай Ресей валютасына әсер еткен: желтоқсандағы Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 42 доллардан төмен түсіп, бір пайызға арзандаған, ал қарашадағы WTI фьючерстері 0,77 пайызға немесе 40 долларға төмендепті.