Сәкен Арубаев бірқатар нысандарды аралады

37

Жуырда аудан әкімі Сәкен Арубаев, орынбасары Нұрлан Несіпбеков және аудан әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбеков Аса ауылы Бәйтерек алқабындағы көпқабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесі мен жылыту қазандығының жай-күйін көруге арнайы барды.
Аудандық «Аса-су» мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері Сабырхан Әбжаппаровтың сөзіне сүйенсек, халық қажетіне 2018 жылы берілген екі қабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесі мен жылыту қазандығы тек осы ғимаратты қамтамасыз етуге қауһарлы болған. Ал, 2019 жылы жанама ретінде дәл осындай баспана қолданысқа беріліп, жоғарыдағы жүйеге кірістірілген. Нәтижесінде, кәріз құбырларын тәулігіне 5 мәрте тазалап отыру қажет. Жылыту жүйесіде осындай күй кешіп отқанын яғни, аязды күндері бөлмені жылытуға арнайы орнатылған насостардың күші келмейтінін, кейбірі істен шыққанын жеткізді.
Алқалы топ мәселенің мән-жайын анықтау үшін ауылдан 8 шақырымда кәріз жүйелері топтастырылған қойманың жұмысымен етене танысты. Мұнда кәріз құбырларындағы сұйықтық арнайы қазандықтарда қорытылып, залалсыздандырылуы қажет еді. Әйтсе де, зерделеу барысында қазандықтардың өзіне күрделі жөндеу мен бактерияларды жоятын аппаратарды ауыстыру қажеттігі анықталды.
Осы тұста сөз алған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуды, қажетті құрылғыларға тапсырыс беруді тиісті мамандарға жүктеп, жуық арада мәселенің шешілу жолдарын қарастыруды басып айтты.
Мұнан соң аудан басшысы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өткен жылы құрылысы басталған әмбебап залы бар спорт кешеніне қайта қайырылды. Естеріңізде болса, екі жұма бұрын мұнда бірқатар кемшілік анықталған болса, бүгінде олқылықтар дерлік ретке келтірілген. Қажетті дене шынықтыру құрылғылары орнатылып, қабырғаларға даңқты спортшылардың порттері ілініп, көздің жауын алып тұр. Ішкі және сыртқы көріністерге риза көңіл танытқан аудан басшысы нысанның салтанатты ашылуын қолға алу керектігін айтты.
Алқалы топ бұдан әрі мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Шохай ауылындағы ауызсу мұнарасының құрылыс жұмыстарын көрді. «Болат-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған құрылыстың құны – 306 млн 951 мың теңгені құрайды. Бүгінде мұнараның түпкілікті орны әзірленіп, қоршау жұмыстары етек алған. Мердігердің айтуынша, жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылып, ауылішілік көшелерге құбырлар орналастырылған. Бекітілген графиктен қалыс калмай келе жатқанын да тілге тиек етті.
– Бүгінде ауданымызға мемлекеттік бюждетттен 5.5 млр теңге бөлініп, 42 жобаның (96 нысан) жұмысына қарқын берді. Олардың 15-і жаңа құрылыс, 15-і орташа жөндеу, 12-і ағымды жөндеу жобалары. Мемлекеттік бағдарламалардың бір ғана мақсаты – халықтың тұрмыстық табысын жақсарту, қолайлы орта қалыптасыру. Жылдың басында қолға алынған құрылыс жұмыстары жыл соңында аяқталуы қажет екені осы бағдарлама критерийінде көрсетілген болатын. Жұмыстың алдымен сапасына көңіл бөлуіміз қажет. Халық қажеттін өтеу жолында барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз маңызды, – деді аудан әкімі Сәкен Қаланұлы құрылыс басында.