Сарысуда 2 816 адам жұмыспен қамтылды

0 95

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны — 2414, оның ішінен 1841 ауыл тұрғындары. Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 2 816, атап айтқанда:
— тұрақты жұмыспен қамтылғандары — 1270
— қоғамдық жұмысқа жолданғандар — 665
— әлеуметтік жұмыс орындары — 136
— жастар практикасы — 252
— қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту — 131
— мемлекеттік грант — 200
— шағын несие алғандар — 18
— «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту — 144
Есепті кезеңде 983 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны — 761 адам.
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
2020 жылы 131 азаматты қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту жоспарланып, 39 495 мың теңге қаржы қаралды.
Бүгінгі күнге 131 азаматтың барлығы қысқа мерзімді оқуға жолданды. Қаралған қаржы – 39 495,0 мың теңге. 11 азамат жүк көлік жүргізушісі мамандығы бойынша оқуларын аяқтап, сертификаттарын алды. Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны — 5. Қалған 120 азамат оқуын жалғастыруда. Игерілгені – 15 430,0 мың теңге.
«Бағыт-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, жүк көлік жүргізушісі – 11 адам, тырнақ шебері – 15, дәнекерлеуші – 15, слесарь -15.
«Эльба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, аспазшы – 15 адам.
«Агрони» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, наубайшы -15 адам, тігінші – 15,
«Эко Блок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, шаштараз -15 адам.
«Әулие-Ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне массажист – 15 адам.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2020 жылы ауылға 88 азаматқа 322 107,0 мың теңге шағын несие беру жоспарланған.
Шағын несие алу үшін жолдама алғандар 53 адам, оның ішінен мал шаруашылығын жандандыру мақсатында 18 адам несие алды. Игерілген қаржы – 68 300,0 мың теңге.
Атамекен ұлттық кәсіпкерлік палатасына құжаттары толық жинақтап несие алалмай отырған 10 адамдардын аты жөні несие алуына ықпал ету үшін облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасына жіберілді.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру 2020 жылы кешенді жоспар бойынша 200 адам, қаралған қаржы 106 024,0 мың тенге. Бүгінгі күнде 200 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Қаралған қаржы толығымен игерілді.
Грант алғандардың ішінен 16 азамат мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп және 184 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы жұмыстарын жүргізуде.
Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
2020 жылғы Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар — 80 адам, қаралған қаржы 21 125,0 мың теңге. Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен жолданғаны – 136 адам, игерілгені – 13 068,0 мың теңге. Бағдарлама бойынша жұмысын аяқтағандар – 43, тұрақты жұмысқа 36 адам қамтылған.
Жастар практикасын ұйымдастыру үшін – 111 342,0 мың теңге қаржы бөлінген. Жоспар — 239 адам. Бүгінгі күнге жолданғаны – 252 адам, игерілгені – 66 777,0 мың теңге. Жастар практикасын аяқтағандар — 96, оның ішінен тұрақты жұмыспен 69 адам қамтылған.
Қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға қаралған қаржы 331 822,0 мың теңге. (МБ 93822,0 мың теңге және РБ 238 000,0 мың теңге) Бүгінгі таңда 665 азамат жолданды. Игерілген қаржы – 146 090,0 мың теңге. (МБ 58 492,0 және РБ 87 598,0 мың теңге).
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 24 нысан бойынша жоспарға сай жұмыстар толығымен басталды. Жергілікті жерден халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 520 азамат жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.