Сарысу ауданы бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2020 жылдың бюджетіне I, ІІ траншпен 22 жобаға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша жұмыс басталып, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүріп жатыр.
Олар:
-«Ақбота» балабақшасының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары.
— Саудакент елді мекеніндегі 22 негізгі көшенің жол жабындыларын орта жөндеуден өткізу жұмыстары.
-Ұйым ауылындағы Мұратбаев көшесін орта жөндеу жүргізу.
-Саудакенттегі спорт кешені құрылысы.
— Жанаталап орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары.