Сатылған көліктің төленбеген салығын бұрынғы иесі төлейді

Мемлекеттік кірістер комитеті көлік иелерінің шағымына жауап берді.

30

Шағымданған азаматтар сатқан көлігін көбіне уәкілетті органның тіркеу есебінен шығарса да, салық қарызы өз атына келетініне наразы.

Сатылған  көлікке салық төлеу міндеті салық заңнамасы бойынша бұрынғы иесіне тиесілі болып қалады.

Салықтық міндеттеме бойынша ақпаратты түзетуге жіберілген 1507 өтінімнің 1282-сі – биыл сатылған көліктер бойынша екені анықталды.

Жуырда салық органдары 2019 жыл және өткен жылдар үшін берешек туралы хабарламаларды таратты.

Алайда, 2020 жыл үшін хабарлама әлі таралған жоқ.

Қалған 225 шағымда көлік құралдары сенімхат бойынша сатылған.

Еске сала кетейік, салық биыл 31 желтоқсанға дейін төленуі тиіс.

aikyn.kz