Су айдындарын балықтандыру жалғасуда

37
Жамбыл облысы аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушы табиғат пайдаланушылар кезекті балықтандыру жұмыстарын жүргізді. Күзгі балықтандыру жүргізілген бұл су айдындарға тұқы тұқымдас шабақ түрлерін жіберді.
Мәселен, «Войнское» балық шаруашылығы су айдыны «Садуов» жеке кәсіпкерлігіне бекітіліп берілген. Байзақ ауданы аумағында орналасқан бұл су айдынға 3000 дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберілді. Шабақтар «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алынды.
«ҚАЗФОСФАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бекітіліп берілген «Юбилейное» балық шаруашылығы су айдыны Байзақ ауданы аумағында орналасқан. Кезекті 2020 жылғы балықтандыру жұмысы бойынша 30 000 дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберілді. Шабақтар облыс аумағындағы «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алынды.
Сондай-ақ, «Жасөркен-1» балық шаруашылығы су айдыны 2013 жылы 27 маусымда Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен «Ешенкулов Р.А.» жеке кәсіпкерге бекітіліп берілген. Бұл балық шаруашылығы су айдыны Жамбыл ауданы аумағында орналасқан. Кезекті балықтандыру кезінде 5000 дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберілді. Шабақтар облыс аумағындағы «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алынды.
Ал, «Шайдана» балық шаурашылығы су айдыны 2019 жылы 3 маусымда Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен «БОЛАШАҚ» шаруа қожалығына бекітіліп берілген. Аталмыш балық шаруашылығы су айдыны Жамбыл ауданы аумағында орналасқан. Кезекті балықтандыру жұмысы бойынша 4200 дана тұқы тұқымдас шабақтары жіберілді. Шабақтар облыс аумағындағы «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алынды.
Талас ауданында орналасқан «Ақкөл» балық шаурашылығы су айдыны «Қойшыбай Ата» шаруа қожалығына бекітіліп берілген. Аталған су айдынға 15 000 дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберілді. Бұл кәсіпкерлікте облыс аумағындағы «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алынды.
Сонымен қатар, Талас ауданындағы тағы бір су айдын «Пионер» балық шаурашылығы су айдыны. 2019 жылы 3 маусымда Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен «KOKTAL AGRO-HALL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бекітіліп берілген. Бұл су айдынға 8000 дана тұқы тұқымдас, карась және ақ амур шабақтары жіберілді. Шабақтар облыс аумағындағы «Рзаев» жеке кәсіпкерге бекітіліп берілген «Каскад Шөміш» балық шаруашылығы су айдынынан алынды.