TABYS қосымшасы іске қосылды

0

Қазақстанда TABYS мобильді қосымшасы сәтті іске қосылды. Оның көмегімен қаржылық ресурсы мен біліміне қарамастан кез келген адам жаһандық қор нарығындағы құнды қағаздарға инвестиция сала алады. Бірінші күні-ақ қосымшаны 300-ге тарта адам жүктеген.

TABYS қосымшасы арқылы қазақ­стандықтар биржалық нота­лар­дың кең спектрінде (ETN) АҚШ долларында аздаған сомамен ин­вестиция салып, өз жинағын еселеп немесе әртараптандырып, жаһан­дық нарықтарға жолы ашылады.

Биржалық ноталар – базалық биржалық қорға (ETF) қолжетім­ділікті қамтамасыз ететін құнды қағаздар, олар акциялардың кең ауқымды спектріне, облигация­ларға немесе кейбір жағдайда тауар­ларға инвестицияланады. Айталық, алтынның құнын қадаға­лайтын биржалық ноталар «алтын» ETF-ке инвестицияланады (жеке адамдардың алтынын Лондондағы қоймаларда сақтайтын қор). Егер алтын қымбаттаса немесе ар­зан­даса, тиісінше «алтын» биржа­лық ноталарының бағасы да қым­бат­тайды немесе арзандайды.

Қазақстандықтар үшін келесі көр­сет­кіштерге байланысты бир­жалық ноталардың 9 түрі қол­же­тімді болады. Атап айтқанда, ал­тын, капитализациясы жоғары амери­калық 500 компанияның ак­ция­лары, кірісі жоғары АҚШ ком­пан­ияларының облигациялары, Brent маркалы мұнай, АҚШ Қазы­­н­а­шылығының вексель­дері, АҚШ ак­цияларының дивидендттері, АҚШ-тың кірістілігі жоға­ры корпо­ративті облигациялары, дамушы нарықтардағы компания­лардың акциялары, дамушы нарықтардағы компаниялардың облигациялары.

TABYS — кез келген қазақ­стан­дыққа қарапайым және тиімді жолмен құнды қағаздарды сатып алу және сатуды бастауға мүм­­кіндік беретін қолдануға ың­­ғайлы әрі сенімді қосымша. Қо­сым­­шаның ерекшелігі сол, құнды қа­ға­здар­дың қолжетімділігі мен бир­­жалық ноталарды сатып алу тетік­­тері қарапайым. Бир­жа­лық но­­та­лардың иесі пайыз­дық кі­ріс­­ті (егер базалық ETF ETN ұстау­­­шы­ларына төленетін диви­дент­­терді өтесе), болмаса құнды қ­а­ғаз­­дардың бағасының өсімінен түс­­кен кірісті ала алады. TABYS қо­сым­шасындағы барлық опе­ра­­ция банк клиентінің бағамы б­ойын­ша доллармен жүргізіледі, сондай-ақ кіріске салық салынбайды.

TABYS қосымшасының интер­фейсі мен қаржылық білімі аз қолданушыға түсінікті құры­лымы бар. 2021 жылдың 30 мау­сымына дейін TABYS арқылы құнды қағаздарды сатып алу және сату кезінде келісім үшін комиссия алынбайды (қолданушының банкі алатын комиссиядан басқа). Осы мерзімнен кейін әрбір сатып алу немесе сату бойынша жасал­ған келісімнен 0,5% мөл­шерінде немесе кемінде 100 теңге­ден комиссия алынады.

2020 жылы маркетингті агент­тіктің Қазақстанда жүргізген зерт­теуіне сәйкес, сауалдамаға қатыс­қан­дардың 60%-ы қор нарығында құн­ды қағаздарға өз жинағын салу­ға дайын екенін білдірген, ал 15%-ы инвестиция салу тәжі­ри­бесі барын жеткізіп, келешекте құн­ды қағаздарды сатып алуға қызы­ғу­шылық танытқан. Жалпы капитал нарығы дамыған елдерде құнды қағаздарға инвестиция салатын халықтың үлесі 50%-дан асады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.