Экономика

Таразда делдалсыз ауыл шаруашылығы тауарларын сататын дүкен ашылды

The final spritzer

Таразда делдалсыз ауыл шаруашылығы тауарларын сататын дүкен ашылды

Тараз қаласының іргесіндегі Жамбыл ауданы әкімдігінің қолдауымен облыс орталығынан ет павильоны ашылды. Бұл нысанның ерекшелігі сол – ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, арзан бағамен қала тұрғындарына жеткізеді.

Төле би даңғылы мен әл-Фараби көшесінің қиылысынан ашылған сауда орталығында қой, сиыр, жылқы мен тауық еті, балық, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен көкөністер, сүт өнімдері сатылады. Бағасы жүйелі, нарық бағамынан 10-15 пайызға төмен. baq.kz