«Таразтрансэнерго» тариф жобасын қоғамдық тыңдауда талқылайды

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Таразтрансэнерго» МКК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтеріне тариф жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өтетінін хабарлайды.
Қоғамдық тыңдау 2020 жылғы 18 тамызда сағат 16-00-де Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78 мекен-жайында өтеді.
Облыстағы карантиндік режимді ескере отырып, жария тыңдауда мына талаптар сақталуы
керек:
— мәжіліс залында орналасуы 10 адамнан аспауы керек;
— маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты кемінде 1,5 метр сақтау;
— 65 жастан аспаған келушілердің болуы.
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауларға қатысуға шақырады.
Сонымен қатар, COVID-19 коронавирустық індетін таратпау мақсатында, Жамбыл облысының тұрғындары мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн режимінде де Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жария тыңдауға қатыса алады. (https://www.facebook.com/profile.php?id=100037867472965, https://www.facebook.com/profile.php?id=100050243313758).
Әрбір тілек білдіруші онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 (72-624) 3-14-41.

Leave A Reply

Your email address will not be published.