Теңге бағамы нығайды

39

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 8 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1,16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 419,97 теңге болды. Ұлттық банктің 9 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 421,24 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 420,99 теңге, сатып алу – 419,51 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 420,94 теңгеден болса, ал сатып алу – 419,83 теңгені құрайды.

inform.kz