Утиль алымнан түскен қаражат қайда жұмсалып жатыр
Еліміз ДСҰ-ға кіргенге дейін түскен кедендік баж салығы бюджетке түскен
Бірінші вице-премьер Роман Скляр Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында кәдеге жарату алымын енгізу себептерін түсіндірді. Ол утилизациялық алымнан «Жасыл дамуға» түсетін қаражат ашық түрде мемлекет пен азаматтардың қажеттіліктеріне жұмсалады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бірінші вице-премьер жанама салық түрінде түсетін қаражат ашық түрде мемлекет пен азаматтардың қажеттіліктеріне жұмсалатынын атап өтті. «Жасыл даму» АҚ мұны жыл сайын өз есептерінде көрсетеді. Сонымен бірге отандық автопаркті жаңарту, қалдықтарды қайта өңдеу саласын қалыптастыру және өз өндірісін дамыту бойынша басқа да міндеттер шешілуде.
Мәселен, 2022 жылы жеңілдетілген автокредит беруге 100 млрд теңге, автобус лизингіне – 30 млрд теңге бағытталды. Тракторлар мен комбайндардың лизингіне 2023 жылы 50 млрд теңге бөлінді.
Сонымен қатар, өңдеу саласын қаржыландыруға 265 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде: 185 млрд – қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға, 50 млрд теңге – ҚР ТЖМ негізгі құралдарын жаңартуға, 15 млрд – автобус лизингіне, 10 млрд – орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары үшін өртке қарсы техниканы сатып алуға жұмсалады.