Қытай Орталық Азиядағы ең ірі сауда тарату орталығын Қазақстанда салмақ
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен YTO Express Co. басқарма төрағасы әрі осы компанияның негізін қалаушы Ю Вэйцзя кездесіп, Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі Қазақстанда ашылатыны мәлім етті.
Айта кетейік, бұл жоба өңірде экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық онлайн сауданы дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.