Заңсыздыққа жол бергендер кімдер?
Заңсыздыққа жол бергендер кімдер?
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 9 айда атқарған жұмысының нәтижесіне арналған баспасөз конференциясы өтті. Онда аталған басқарма басшысы Әбілхайыр Тамабек мемлекеттік жерді заңсыз иемдену, жер пайдаланушылардың жерді мақсатсыз пайдалануы, жеке немесе жалға алынған жердегі меншік иелерінің коммерциялық жерді пайдаланбауына қатысты тексерулер жүргізілгенін, аудандық әкімдіктер тарапынан заңсыз қабылданған қаулылар мен шешімдер жайын сөз етті.
Осы жылы облыс көлемінде жерді өз бетінше иеленіп алған 9 тұлғаға 932 мың 812 теңге айыппұл салынып, 516 мың 112 теңге өндіріліпті. Ал иелігіндегі жерін дұрыс мақсатта пайдаланбаған 4 тұлғаның екеуіне ескерту беріліп, екеуіне айыппұл салынып, қазына қаржысына 20 мың 835 теңге өндірілген. Топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алып, жерді бүлдірген жеке тұлғадан 13 мың 890 теңге айыппұл өндірілген.
Нұрым СЫРҒАБАЕВ