Жаңатаста жәрмеңке жүйелі өтуде
Жаңатаста жәрмеңке жүйелі өтуде
Сарысу ауданы Жаңатас қаласының орталық базарында азық-түліктер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жалпы алғанда ауданның 35 жеке кәсіпкер қатысты.
Кестеге сәйкес, Тоғызкент ауылдық округінен 2 кәсіпкер, Жаңарық ауылдық округінен 4 кәсіпкер және аудан әкімінің тапсырмасы бойынша жәрмеңкеде екі арнайы орын Байқадам ауылдық округіндегі пилоттық жоба аясындағы өнімдер үшін бөлініп, Саудакент ауылының 7 жеке кәсіпкері және «Саудакент-2019» ауылшаруашылық кооперативі өз өнімдерін халыққа ұсынып, сауда-саттық жәрмеңкесіне шықты.
Көкөніс, жеміс-жидек, азық-түлік және ет өнімдерінің жалпы бағалары базардағы бөлшек сауда нүктелерінен 15-20 пайызға төмен деңгейде сатылды. Санитариялық талаптар толық сақталды.
Жәрмеңкеде қоғамдық тәртіпті сақтау, қадағалау мақсатында Полиция бөлімінің екі учаскелік полицейлері жәрмеңкеге қатысып, кептеліс болдырмау үшін жол көлік қозғалыстарын бақылауды ұстады.