Аймақта ағымдағы жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласында 98 млрд. 195,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді, – деп хабарлайды “Jambylinfo” ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған соманың ішінде егін шаруашылығына- 19 млрд. 214,4 млн. теңге, мал шаруашылығына – 78 млрд. 837,4 млн. теңгенің өнімі тиесілі.
Сонымен қатар, ет өндірісі – 2,2 пайыз, сүт өндірісі – 1,9 пайыз, жұмыртқа өндірісі – 1,5 пайыз артса, облыстағы МІҚ саны – 7,6, қой мен ешкі саны – 4,8, жылқы – 9,6 және құс саны – 12,2 пайызға өсіп отыр.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 19,5 млрд. теңге инвестиция салынып, өткен жылмен салыстырғанда 106 пайызға артса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция 1,4 млрд. теңгені құрады.