Жаңатаста бағаны тұрақтандыру шаралары жалғасуда

0 165

Ағымдағы жылдың 22 тамызы күні аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңатас қаласының орталық базарының аумағында негізгі азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермей мақсатында төмендетілген бағада «Жылжымалы Азық-Түлік» тауарлары халыққа ұсынылды. Тауарлар жеке кәсіпкерлер Нұрғазы Аль-асад пен Сағындықовалардың қолдауымен Тараз қаласындағы көтерме нүктелермен және тұрақтандыру қорымен келіссөздер жүргізу арқылы жеткізілді.
Халыққа жеміс-жидектің, көкөністің барлық түрі, одан бөлек сары май, қаймақ, сүт, күнбағыс майы, тауық еті сияқты негізгі азық түрлері де ұсынылды.
Соның ішінде:
Картоп 6,5 тонна жеткізіліп 80-90 теңгеден, пияз 1.5 тн жеткізіліп 60-65 теңгеден, сәбіз 1,2 тонна жеткізіліп 90-110 теңгеден, қырыққабат 0,4 тонна жеткізіліп 80 теңгеден сатылуда.

Жалпы, Тұрақтандыру қоры арқылы алынған төмендетілген бағадағы тауарларды Жаңатас қаласы бойынша 6 дүкенде ашылған «Әлеуметтік Бұрыштардан» алуға мүмкіндік бар.
Бұл жұмыстар жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.