Экономика

Жеңілдетілген несие беруде жүйесіздікке жол жоқ

Жеңілдетілген несие беруде жүйесіздікке жол жоқ

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңір тұрғындарының жеңілдетілген несиелер алуға қолжетімділігі қаралды. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев баяндама жасады.

Жиын барысында облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Самат Қосалиев, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Олжас  Қаржауов жеңілдетілген несие беру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Баяндамашылардың айтуынша, мемлекеттік  бағдарламалар жемісті жүзеге асырылып, елдің игілігіне айналып отыр. Кедергі келтіріп тұрған қандай да бір кедергі жоқ екен. Жиынды қорытындылаған Бердібек Машбекұлы несиелердің қайтарымына көңіл аудару керектігін баса айтты.

  Талғат Нұрханов