Экономика

Жуалы ауданында 23,2 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Жуалы ауданында 23,2 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Жуалы ауданында өткен тоғыз айда 23 млрд. 205 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. ӨКҚ ақпарат алаңында болған брифинг барысында Жуалы ауданы әкімі Нарбай Ергебеков осы және өзге де маңызды мәліметтермен бөлісті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі – 12 млрд. 686 млн. теңге, ал мал шаруашылығы 13 млрд. теңгеден асқан. Нақты көлем индексі 101 пайызды құрады. Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 210 772 гектар. Оның егістігі 95 004, суармалысы 8 708 және жайылым мен шабындық 111 484 гектар. Атқамінердің айтуынша, ауданда ағымдағы жылы ішкі жалпы өнім көлемі 43 млрд 401 млн.теңгені құраған. Бұл – өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20,5 пайызға артық. ІЖӨ құрамында өнеркәсіп үлесі – 18,2; ауыл шаруашылығы – 60,4, құрылыс 9,4 және сауда айналымы 12 пайыз. - «Жуалыдағы жұрттың жағдайы жақсарғанының бір белгісі – жеке тұрғын үй салуы. Зәулім де еңселі үй салуға ұмтылғандар биылғы жылдың 9 айында 9 846 шаршы метр болатын жеке тұрғын үй тұрғызды»,- деді Нарбай Әбілқасымұлы.   Өңірлік коммуникациялар қызметі