1,5 миллион теңге пара алған шенеунік сотталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті
Орал қаласының соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А. Ташенбаевқа, оның қарамағындағы – бас маман Н. Ғатауға және «Алиханстройпроект» ЖШС директорының орынбасары А. Купбаевқа қатысты үкім шығарды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тәшенбаев пен Ғатау тиісінше 7 және 3,5 жылға, ал пара беруші 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.