Елімізде

1 қыркүйекке дейін 500 мың оқушыға әлеуметтік көмек көрсетіледі

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Осыған орай мемлекет аз қамтылған және мұқтаж отбасылардың балаларына қолдау көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Премьер-министр ол үшін биыл 23 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделгенін атап өтті. Бұл кемінде 500 мың баланы әлеуметтік қолдауға мүмкіндік береді.